Ницше: нәпсі мен руx һәм майдан мен жауынгер xақында
Ницше: нәпсі мен руx һәм майдан мен жауынгер xақында

Алла елшісі (с.ғ.с.) Табук жорығынан қайтып келе жатып:
رَجَعْنَا مِنَ الْجِهَادِ الأَصْغَرِ إِلَى الْجِهَادِ الْأَكْبَر
«Кіші жиһадтан (яғни, жорықтан) үлкен жиһадқа (яғни өзімізбен күресікее) оралдық»,– деген екен.
Майдан мен жауынгер хақында.
Біз ең үлкен жауларымыздан еш уақытта аяушылық күтпейміз. Жанымыздан артық жақсы көретіндерден де. Сіздерге шындықты һәм ақиқатты баяндауға рұқсат етсеңіздер.
Менің соғыс жолындағы бауырларым. Мен сіздерді жанымнан да артық жақсы көремін және бұрын да мен сіздердің теңдеріңіз болғанмын. Сонымен қатар мен сіздердің ең жеккөрінішті жауларыңызбын. Сіздерге шындықты һәм ақиқатты баяндауға рұқсат етсеңіздер.
Мен сіздердің жүректеріңіздегі жек көрушілік пен іштарлықты да білемін. Ал, сіз жек көрушілік пен іштарлықты білмейтіндей әулие емессіз. Ендеше, өздеріңіз өздеріңізден ұялмайтын деңгейде ұлы болыңыздар. Таным жолының арғымағы болмасаңыз да, көлікке жарар құнаны, соғымға жарар жабағысы болыңыз. Олардан да бір қайыр.
Мен сан мыңдаған әскер көрем, бірақ оларды емес, жігері жалын шын жауынгер көргім келеді. «Мундир» деп олар киетін сауытты атайды. Деседе, олардың оның ішіне жасырғандары мундир болмақ емес.
Назарларыңыз дәйім жау іздеумен болсын (өзінің жауын). Сол кезде кейбіріңіздің бір көргеннен өшпенділіктеріңіз оянады.
Өз жауыңызды іздеуші өзіңіз, өз соғысыңызды да жүргізуші өзіңіз. Өз ойларыңыздың соғысы. Егер сіздің ойыңыз тұрақтамаса , сіздің шынайылығыңыз сол үшін де жеңісің тойлауға міндетті. Татулықты жаңа соғысты өршітуші құрал ретінде жақсы көріңіз. Сонымен қатар, қысқа ғана татулық ұзағынан үлкенірек.
Мен сіздерді жұмысқа емес, күреске шақырамын. Мен сіздерді татулыққа емес, жеңіске шақырамын. Сіздің еңбегіңіз күрес, ал татулығыңыз жеңіс болғай!
Садақ пен жебе барда үндемей тік отыруға болады. Әйтпесе бос сөзбен салғыласпақ. Сіздің татулығыңыз жеңіс болғай.
Сіз берекелі мақсат соғысты да киелі қылады дейсіз бе? Ал мен соғыстың берекесі кез келген мақсатты киелі қылады демекпін.
Соғыс пен ерлік жақынға деген махаббатқа қарағанда көп ұлы істерді тыңдырды. Бақытсыздарды күні бүгінге дейін сіздің аяушылығыңыз емес, батылдығыңыз құтқарған.
Не жақсы деп сұрарсыз? Батыл болған жақсы. «Мейірімді болу, міне, ең сүйкімді, сонымен қатар ең әсерлі» деп айтуды кішкентай қыздарға қалдырыңыз.
Сізді тас жүрек дейді. Бірақ сіздің жүрегіңіз риясыз және мен сіздің ұялшақ шынайылығыңызды ұнатамын. Сіз сезімдеріңіздің толысуынан ұяласыз. Ал қалғандары тартылуынан ұялады.
Сіз өзіңізді ұсқынсызбын деп ойлайсыз ба? Ендеше менің бауырларым, өздеріңізді асқақ шапанға ораңыздар. Ұсқынсыздықтың шапанына.
Сіздің жан дүниеңіз кеңейген сайын ол тәкәппарлана түседі. Және сіздің асқақтығыңызда ыза бар. Мен сізді танимын.
Ызада тәкәппар мен әлжуаз кезігеді. Бірақ олар бірін-бірі түсінбейді. Мен сізді білемін.
Сіздің жауларыңыз жақтырмайтын емес, жек көретін дәрежеде ғана болуы керек. Сіз жауыңызды мақтан тұтуыңыз керек. Сол кезде сіздің жауыңыздың жетістіктері сіздің де жетістігіңізге айналмақ.
Көтереліс - бұл құлдың айбыны. Сіздің айбыныңыз мойынсұну болсын! Сіздің бұйрығыңыз да мойынсұнуға айналсын.
Жақсы жауынгер үшін сіз мен қалағаннан да жағымдырақ естілу керексіз. Және жақсы көретіндеріңіздің барлығын алдымен өзіңізге бұйырыңыз.
Сіздің өмірге деген махаббатыңыз сіздің ең үлкен үмітіңізге деген махаббатқа айналсын. Ал ол ең үлкен үміт өмір жайлы ең асқақ ой болғай.
Бірақ сіздің ең асқақ ойыңызды мен бұйырамын. Және ол былай деп баяндалады. Адам деген - одан асып түсу керек нәрсе.
Сонымен, өзіңіздің мойынсұну мен соғыс өміріңізді сүріңіз. Пайдасы мәңгілік өмірде білінбек. Қандай жауынгер оны аяғанды қалайды. Мен сіздерді аямаймын, мен сіздерді жан жүрегіммен жақсы көремін, менің майдандас бауырларым.
Заратустра солай деген.

 

Тәржіма Е.Жұмажан

Ereke ZhumazhanEreke Zhumazhan
7 лет назад 14179
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0